Ақмола облысында облыс әкімінің қатысуымен «Жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» атты облыстық жастар форумы өтті.
Форумның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және оларды насихаттау, жастар арасында еңбекқорлық мәдениетін, кәсіби шеберлікті және сұранысқа ие құзыреттерді дамыту.
Форумға Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К.Каппасов қатысты.