Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру – басты міндет

2025 жылдың 06 ақпан айында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  (бұдан әрі-Департамент) білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Абильмаженов Манат Шияпұлы Департамент мамандарымен  мемлекеттік қызметшілердің этикалық ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша  кеңес өткізді.

Кеңес барысында мемлекеттік бақылау шараларын өткізуде, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, лицензиялау қызметін жүргізу, тексерулерді т.б. жұмыстарды өткізуде  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Кабдрахманова Ж.Ж. мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы, моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының өзектілігіне назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларына ерекше мән берілді.

 

Дата публикации
06 февраля 2025