2024 жылы Департамент лицензиялау бойынша барлығы 40 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде лицензиялар берілді – 4, қосымшалар берілді – 10, лицензиялар қайта ресімделді – 10, өтініш бас тартылды – 16.
ТжКББ ұйымдары бойынша: лицензиялар берілді – 0; лицензияға қосымшалар берілді – 6; қайта ресімделді – 4; бас тартылды – 5.
Берілгені: Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжіне (біліктілік – 4S08120203 Жылыжай өндірісінің шебері); Есіл қаласының Агротехникалық колледжі (біліктілігі – 4S04110102 Бухгалтер); Шағалалы ауылының Жоғары агротехникалық колледжі (біліктілігі – 3W07130201 Электромонтажшы (салалар бойынша)); Жаңаесіл ауылының Агротехникалық колледжі (біліктілігі – 3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы); Щучинск қаласының Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі (біліктілігі – 5AB08210101 Орман шаруашылығының қолданбалы бакалавры); Катаркөл ауылының Жоғары ветеринария және биотехнология колледжі (біліктілігі-5AB08410101 қолданбалы ветеринария бакалавры).
Жалпы білім беретін мектептер бойынша: лицензиялар берілді – 4; лицензияға қосымшалар берілді – 4; қайта ресімделді – 6; бас тартылды – 11.
Берілгені: Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейі (бастауыш білім, негізгі орта білім); Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы (лицензия); Көкшетау қаласының №9 ЖОББМ (лицензия); Қосшы қаласының №3 ЖОББМ (лицензия); Жібек жолы ауылының мектеп-лицейі (лицензия); Жалтыркөл ауылының ЖОББМ (жалпы орта білім беру); Бәйтерек ауылының ЖОББМ (бастауыш білім беру); IQanat High School of Burabay (негізгі орта білім беру).
Лицензия және лицензияға қосымшасын беруден бас тартудың негізгі себебі білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ берілген құжаттардың толық болмауы болып табылды.