Әдеп жөніндегі уәкілі жұмысының есебі

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде  (бұдан әрі-Департамент) 9 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.

2024 жылдың 4 тоқсанында  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу және мемлекеттік қызметтің беделін түсіру фактілері болған жоқ.

Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен «Қадамдық Жоспарын» орындау мақсатында, «Қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдалану фактілері бойынша шектеудің сақталуы мәселелері» атты 2024 жылғы
1 қарашадағы өткен семинар-тренингке Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Кабдрахманова қатысты.

2024 жылғы 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастырылуымен өткізілген  «Қадамдық Жоспарын» орындау мақсатында, құмар ойынға тәуелділіктің алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар қорытындылары туралы дөңгелек үстелге Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Кабдрахманова қатысты.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің мен стандарттары жайлы баяндамалар оқылды. Дөңгелек үстел барысында сұрақ-жауап арқылы пікірлесу өткізілді.

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің кезекті отырысында Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Кабдрахманова 2024 жылғы 23 желтоқсан күні мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтарының алдын алу, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес әр мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау қажеттігі жайлы айтып өтті.

Консультациялық көмек ретінде мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары, қызметкерлердің қызметтік этика нормаларын сақтауын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингілеу бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

  Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, жеделхат-чатта және Департамент сайтында Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы ақпарат жарияланады.

 

 

Дата публикации
26 декабря 2024