2024 жылғы 25 желтоқсан күні Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Қ.Мухаметжанова Ақмола облысының кешкі білім беретін білім ұйымдарының директорларымен мемлекеттік аттестаттауға дайындығы, мемлекеттік аттестаттауды өткізу жайлы кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы №486 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес оқу жұмыс жоспарының, Kundelik.kz электронды журналдың жүргізілуі, біліктілік талаптардың сәйкестігі, білім алушылар, педагогтар арасында сауалнамалардың өткізілуі, білім алушылар арасында кешенді тестілеудің өткізілуі жайлы айтып өтті.