Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтарының алдын алу жайлы кеңес

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі-департамент) кезекті отырысында Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Кабдрахманова 2024 жылғы 23 желтоқсан күні мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтарының алдын алу, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес әр мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау қажеттігі жайлы айтып өтті.

Дата публикации
26 декабря 2024