Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы К.Мухаметжанова 2024 жылғы 28 қараша айында Ақмола облысы білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, білім бөлімдерінің әдіскерлеріне zoom түрінде кеңес өткізді.
Кеңесте «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына енгізіп жатқан өзгерістер бойынша баяндама жасап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жаңадан өзгеріс енгізгелі отырған мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының өзгешілігі, жаңадан енетін тарауларға назар аударылды. Қолданыстағы стандарт пен стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар, стандарттардың қолданылу салалары, білім мазмұнына қойылатын талаптарбілім мазмұнына қойылатын талаптар, негізгі орта білім берудің базалық құндылықтары, педагогикалық тәсілдеме, көптілді білім беру, инклюзивті білім беру: негізгі талаптары мен тәсілдері, бастауыш білім берудің білім беру салалары, пәнаралық біріктіру, білім стандарттарының «бағалау» бөліміне кіріспе, кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік gpa бағалау, бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік, жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мониторингі бойынша талдаулар жасалды.
Кеңес барысында туындаған сұрақтарға жауап беріліп, талқыланды.