Біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру

 

Біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде мынадай негізгі бұзушылықтар анықталды: 1) жұмыс оқу жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейін бойынша педагогтердің білімінің сәйкес келмеуі; 2) педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесінің сәйкес келмеуі; 3) Білім беру ұйымының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуі; 4) пәндік зертханалармен, оқу шеберханаларымен (зертханалық жабдықтармен, шеберханаларға арналған оқу жабдықтарымен) жарақтандырылуы бойынша сәйкес келмеуі; 5) тиісті бейін бойынша педагогтердің біліктілігін арттырудан өтуінің сәйкес келмеуі.

Бірінші жартыжылдықта біліктілік талаптарға тексеру жүргізілді, барлығы-31, бұзушылық анықталмады-21, бұзушылықтар анықталды-10. Бұзушылықтар анықталған 10 мектеп бойынша 464-б.1-б. бойынша әкімшілік іс қозғалып, 45 АЕК көлемінде заңды тулғаға айыппұл салынды.

 

Дата публикации
07 ноября 2024