«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттау өткізілді

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттау өткізді. Аттестаттау барысында 4-9 сынып оқушылары арасында кешенді тестілеу жүргізілді, бағалау критерийлеріне сәйкес мектептің өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, комиссия мектеп қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін егжей-тегжейлі талдаумен қорытынды берді.

Аттестаттау қорытындысы бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ–нің білім беру қызметі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келетіні және «жақсы» деңгейіне сәйкес келетіні анықталды. Аттестаттау комиссиясы «аттестатталсын» деген шешім қабылдады.

 

        

Дата публикации
18 июля 2024