Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2024 жылдың І жартыжылдығында бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау қорытынды бойынша
ЕСЕБІ
ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырылған 2024 жылғы 1-ші жартыжылдықта бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген тізіміне облыстың 8 мектебі кірді. Өткізілген профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзушылықтары жойылып, 3 мектеп (Зеренді ауданы, Қараөзек ауылының бастауыш мектебі, Бурабай ауданының Қарабауыр ауылының бастауыш мектебі) аттестатталды.
4 мектепте алдыңғы кәсіптік бақылау кезінде анықталған бұзушылықтар жойылды (Сейфуллин ауылының жалпы білім беретін мектебі, Өзен ауылының жалпы білім беретін мектебі, №2 Зеренді ауданы Алексеевка ауылы және Сандықтау ауданы Новоромановка ауылының негізгі мектебі).
Қостомар ауылының бастауыш мектебінде бұрын анықталған бұзушылықтар жойылмағаны анықталып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді және бұл мектеп 2024 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған бақылау тізіміне енгізілді. Ұлттық білім беру дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі-ҰББДҚ) «мемлекеттік бақылау» бөлімінде бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізілетін мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша деректерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша тәуекелді бағалау және басқарудың ақпараттық жүйесі 2024 жылдың 2-ші жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кестесін автоматты режимде қалыптастырылды. Ол тізімге облыстың 3 мектебі кірді: Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Қаратал ауылы мен Ақтас ауылының қайта аттестатталмаған 2 бастауыш мектебі және Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Қостомар ауылының бастауыш мектебі. Бұл мектепте бұрын берілген нұсқама бойынша талап орындалмаған.