2024 жылдың І жартыжылдығында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қорытынды есебі

 

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланған 262 білім беру ұйымының 133-де (50,7%) мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланып өткізілді. Аттестаттау 11 мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында, 122 мемлекеттік мектептерде өткізілді

Бірінші рет 5 балабақша аттестатталды: Көкшетау қаласының «Әйгерім» балабақшасы», «Қуаныш» бөбекжайы» «Сәуле» «бөбекжайы, «Нұрбала» бөбекжайы, «Ақбота»  бөбекжайы». Облыстың 26 мектебі: Көкшетау қаласының №19 жалпы білім беретін мектеп, Әл-Фараби атындағы IT лицейі,  Красный Яр ауылындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы, Облыстық білім беру ұйымдары-№1 арнайы мектеп-интернат, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат (қазақ тілінде оқытатын), Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылындағы «Балабақша-мектеп-интернат  арнайы кешені», Атбасар қаласының №3, № 5 жалпы білім беретін мектептері, Атбасар ауданы Самарқа ауылының  негізгі мектебі,  Магдалиновка және Титовка ауылының бастауыш мектептері, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 6, Оқжетпес ауылының жалпы білім беретін мектептері, Бұланды ауданы Қараөзек ауылы, Шұбарағаш ауылының жалпы білім беретін мектептері, Ерейментау қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі, Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі, Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Державинск қаласының Надежда Крупская, Николай Островский атындағы мектептері, Зеренді ауданы Красиловка ауылының бастауыш мектебі, Ивановка ауылының бастауыш мектебі,   Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Заводской  кентінің жалпы білім беретін мектебі, Есіл ауданы Калачи ауылының бастауыш мектебі.

Аттестаттаудан өтпеген 89 мектеп пен 6 балабақшаның қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейді. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде анықталған негізгі бұзушылықтар:

өзін-өзі бағалаудың сапалы емес материалдарын ұсыну;

жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі;

тиісті бейіндер бойынша педагогтермен қамтамасыз етілмеуі;

біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, оның ішінде педагогтердің білімінің оқытылатын пәнге сәйкес келмеуі,

-жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың, сарапшы-педагогтардың, зерттеуші-педагогтардың, негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын шебер-педагогтардың жалпы санынан үлесінің сәйкес келмеуі;

бітіру сыныптарының оқушыларына тестілеу жүргізу кезінде шекті деңгейден өтпеу;

біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерін сақтамау;

әр түрлі жастағы мектепке дейінгі топтардағы ұйымдасқан қызметтің сәйкес келмеуі;

балаларды топтарға жинақтау кезінде жас кезеңділігінің бұзылуы;

балаларды әртүрлі жастағы топқа толықтыру кезінде талаптарды бұзу.          Бұзушылықтарды жоюды ескере отырып, қайта аттестаттау кезінде: 5 балабақша, 53 мектеп  аттестатталды, қалған 37 ұйымда бұзушылықтарды жою мерзімі өткен келген жоқ.

2023 жылғы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша облыстың 2 бастауыш мектебі қайта аттестаттаудан өткен жоқ. (Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Қаратал ауылының бастауыш мектебі, Ақтас ауылының бастауыш мектебі).

Мемлекеттік қайта аттестаттауды өткізу кезінде жойылмаған негізгі бұзушылық: біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, (өрт қауіпсіздігі талаптарына) 2. Аталған 2 мектеп 2024 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған бару арқылы профилактикалық бақылаудың бекітілген тізіміне енді.  

 

 

 

 

Дата публикации
09 июля 2024