Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді. 2024 жылдың 2 тоқсанында 9 мемлекеттік қызметшіге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер анонимді сауалнама жүргізеді, оған Департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілері қатысады. Сауалнама қорытындысы бойынша ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты екені анықталды. Қызметтік этика нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингілеу бойынша анонимді сауалнамаға қатысқан қызметшілердің саны-9.
Департамент қызметкерлерімен өткізілген кеңесте Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы сұрақтар бойынша, Әдеп кодексінің заңнамасы туралы әңгімелесу өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау сұрақтары қарастырылды.