Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті 2024 жылғы 2-4 шілде аралығында "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі"КММ мемлекеттік аттестаттау өткізді.
Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалау және егжей-тегжейлі талдау жүргізді.
Жұмыс қорытындысы бойынша ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі үшін комиссия «аттестатталсын» деген шешімін шығарды.