«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп -интернаты» КММ мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан 2024 жылғы 18-20 маусым аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп -интернаты» КММ мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және егжей-тегжейлі талдау жүргізді.   

Комиссия нәтижесінің қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернаты» КММ  «аттестатталды» деген шешім шығарылды.

 

 

Дата публикации
02 июля 2024