Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастырылуымен 2024 жылғы 24 маусым айында «Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» zoom түрінде кеңес өткізілді

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастырылуымен 2024 жылғы 24 маусым айында  «Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» zoom түрінде  кеңес өткізілді.

 Кеңеске Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В.Гамазов, білім бөлімдерінің басшылары, мамандар қатысты.

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  басшысы О.Каппасов жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығы, білім ұйымдарында күрделі және ағымды жөндеулердің жүргізілуі, жаңадан білім беру ұйымдарының салынуы, білім беру ұйымдарында жаңа модификацияланған кабинеттердің алынуы жайлы айтты.

Жаңа оқу жылына уақытында оқушыларды толық оқулықтармен қамтамасыз ету, жаңа мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы мен жабылуы, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша мектептердің  нәтижесі, білім сапасы, "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы ұлттық жобасының іске асырылуы, әр мектеп бойынша өсу динамикасы  және жақсаруы бойынша ақпарат беру жайлы айта түсті. 

Сонымен қатар, жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес  білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауға, тексеру парағына сәйкес профилактикалық бақылауға  дайындалу жұмыстарына назар аударуды айтты.

Балалардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру туралы, мектепке дейінгі ұйымдардың сәйкес болуына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болуы,  жылыту мерзіміне дайындығы, педагогтардың талапқа сай қабылдануы, педагогикалық әдеп, қамқоршылық кеңес  жұмысының сапалы түрде жүргізілуі жайлы айтылды.  Білім беру ұйымдарының уақытында төтенше жағдай бойынша жедел ақпаратты ұсыну туралы айтып өтті.

Дата публикации
02 июля 2024