Ағымдағы жылдың мамыр айында Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің аттестациялық комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпарат пен материалдарға талдау жүргізді. Білім беру саласындағы білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу кезінде анықталған кемшіліктер жойылған және Ақмола облысы білім басқарамасының Көкшетау қаласы білім бөлімінің
«№ 17 мектеп-гимназиясы» КММ-сі «аттестатталсын» деген шешім шығарылды.