Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылғы 1,2,3,4 тоқсандардағы қызметі туралы

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі-Департамент) 2023 жылғы 1,2,3,4 тоқсандардағы қызметі туралы келесіні хабарлайды:

Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы №156 бұйрығымен бекітілген ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметшілермен жеке кеңестік көмек ретінде жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексінің сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 2023 жылдың 4 тоқсан бойынша  Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы бойынша Қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік іс қылықтар болмады.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыстың қорытындылары жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша келіп түскен өтініштер болған жоқ.

Қызметшілерге қатысты БАҚ жарияланымдарының мониторингі барысында анықталған (позитивті, теріс) материалдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі парақшаларына мониторинг жүргізу барысында анықталған материалдар болған емес.

Департаментте штат бойынша 7 адам қызмет атқарады. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу бойынша жасырын сауалнама жүргізілді. Жасырын сауалнама нәтижелері бойынша 11 сұрақ қойылды. Сұрақтарға жауап беруде әріптестермен қарым-қатынас әдепті және сыпайы, пікірім әр кезде тікелей басшылығымен ескерілетіні, жұмыс әріптестеріме негізделген ескертулерім әрқашан барабар қабылданатыны, тікелей басшылығымның маған деген қарым-қатынасы әділ, мен өз басшылығыма сенемін, жұмыс істейтін мемлекеттік органда алғашқы рет жұмысқа қабылданған қызметкерлерге/жұмысшыларға бейімделуге көмектеседі т.б. қойылған сауалдарға оңтайлы, келісетіні жайлы жауаптар берілді.

Департамент тарапынан құрылған «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерде ӘЖУ жұмысы аккаунттарына салынады және  телеграмм чат, сайт жұмысы жүргізіледі.

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023