2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жоспарланған 172 білім беру ұйымының 84 (49%) мемлекеттік аттестаттауды жоспарлады және өткізілді. Аттестаттау 29 мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында (25 мемлекеттік және 4 жекеменшік), 35 мемлекеттік мектептерде, 20 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (14 мемлекеттік және 6 жекеменшік) өткізілді.
Бірінші реттен 4 колледж (Көкшетау қ. Біржан сал атындағы музыка колледжі, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, Жоғары техникалық колледж, «Бурабай» колледжі мекемесі, 2 мектеп (Степногорск қ. №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және Ақкөл ауданы Кемеркөл ауылының бастауыш мектебі) және 4 балабақша аттестатталды (Аршалы кентінің «Светлячок» балабақшасы, Есіл ауданы Заречное ауылының «Айналайын» балабақшасы, Көкшетау қаласының «Зерек» балабақшасы, Степногорск қаласының «№4 «Арман» балабақшасы).
Аттестаттаудан өтпеген және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына білім беру қызметі сәйкес келмейтін 33 мектеп пен 25 балабақшада мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде анықталған негізгі бұзушылықтар:
- өзін-өзі бағалаудың сапалы емес материалдарын ұсыну;
- жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі;
- тиісті бейіндер бойынша педагогтермен қамтамасыз етілмеуі;
- біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
- бітіру сыныптарының оқушыларына тестілеу жүргізу кезінде шекті деңгейден өтпеу;
- біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерін сақтамау;
- әр түрлі жастағы мектепке дейінгі топтардағы ұйымдасқан қызметтің сәйкес келмеуі;
- балаларды топтарға жинау кезінде жас кезеңінің бұзылуы.
Бұзушылықтарды жоюды ескере отырып, қайта аттестаттау кезінде: 20 колледж, 12 балабақша, 20 мектеп аттестатталды, қалған ұйымдарда бұзушылықтарды жою мерзімі басталған жоқ.
2021 және 2022 жылдардағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша облыстың 7 мектебі қайта аттестаттаудан өткен жоқ. (Зеренді ауданы Алексеевка а. №2 орта, Сейфуллин а. орта, Өзен а. орта, Қостомар а. негізгі, Бурабай ауданы Қарабауыр а. бастауыш, Ерейментау қ. №3 орта, Сандықтау ауданы Новоромановка а. негізгі мектептері).
Қайта мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде жойылмаған негізгі бұзушылықтар:
- педагогикалық құрамға Үлгілік қағидалардың талаптары - 3 мектеп;
- біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі -2;
- бітіруші сынып оқушыларына тестілеу өткізу кезінде шекті деңгейден өтпеген-2 мектеп; (1 Негізгі және 1 орта мектеп).
Ұлттық білім беру деректер базасы (бұдан әрі-ҰБДБ) ақпараттық жүйесінде «Мемлекеттік бақылау» бөлімінде өткен жылдардағы бармай-ақ профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша деректерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша тәуекелдерді бағалау және басқарудың ақпараттық жүйесі автоматты режимде 2023 жылдың 2-ші жартыжылдығына профилактикалық бақылау жүргізу кестесін қалыптастырды, қайта аттестатталмаған 7 мектеп кірді.