2023 жылғы 2 тоқсан бойынша мемлекеттік аттестацияның қорытындысы

2023 жылдың екінші тоқсанында жоспарланған 172 білім беру ұйымының 42-сінде мемлекеттік аттестаттау жоспарланып өткізілді. Аттестаттау мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 21 ұйымында (17 мемлекеттік және 4 жекеменшік), 21 мемлекеттік мектепте өткізілді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда мемлекеттік аттестаттау нәтижелері жақсарды. Бірінші реттен 2 мектеп (Степногорск қаласы №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, және Ақкөл ауданы Кемеркөл ауылының бастауыш мектебі) және 4 балабақша - Аршалы кентінің «Светлячок» балабақшасы, Есіл ауданының Заречное ауылының «Айналайын» балабақшасы, Көкшетау қаласының «Зерек» балабақшасы, Степногорск қаласының №4 «Арман» балабақшасы аттестатталды.

Анықталған бұзушылықтарды жойып, 7 балабақша мен 6 мектептің оң қорытындысын алды. 2-тоқсанның қорытындысы бойынша 13 мектеп пен 10 балабақшаның білім беру қызметі аттестаттаудан өтпеді және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеді, олардың бұзушылықтарды жою үшін мерзімдері бар.

Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде анықталған негізгі бұзушылықтар:

- өзін-өзі бағалаудың материалдарын  сапасыз ұсыну;

- жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі;

- тиісті бейіндер бойынша педагогтермен қамтамасыз етілмеуі;

- біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

- әр түрлі жастағы мектепке дейінгі топтардағы ұйымдасқан қызметтің сәйкес келмеуі;

- балаларды топтарға жинау кезінде жас кезеңінің бұзылуы.

 Мемлекеттік аттестаудың қорытындысы уақытында ҰДҚБ енгізіледі.

 

 

Дата публикации
01 июля 2023