Лицензиялау

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға арналған білім беру және сауықтыру қызметі саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Лицензиялау):

2026 жылдың III тоқсанында Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен (бұдан әрі – Департамент) лицензиялау бойынша 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 16 лицензия берілді, лицензияға 3 қосымша берілді, 5 лицензия қайта ресімделді, 5 жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан келіп түскен өтініштер бойынша: лицензия берілді – 0; лицензияға қосымша берілді – 3; қайта ресімделді – 2; бас тартылды – 1.

Жалпы орта білім беру ұйымдарынан келіп түскен өтініштер бойынша:лицензия берілді – 1;лицензияға қосымша берілді – 0;қайта ресімделді – 3;бас тартылды – 1.

Балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарынан келіп түскен өтініштер бойынша:лицензия берілді – 15;лицензияға қосымша берілді – 0;қайта ресімделді – 0;бас тартылды – 3.

Лицензия және/немесе лицензияға қосымша беруден, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартудың негізгі себептері – білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толық болмауы.

Дата публикации
01 октября 2026