Әдеп уәкілінің 2026 жылдың II-тоқсаны бойынша есебі
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі – Департамент) штат кестесіне сәйкес 9 мемлекеттік қызметші лауазымы қарастырылған. Есепті кезеңде оның 8-і жұмыспен қамтылып, 1 бос лауазым сақталды.
Есепті кезең ішінде Департаменттің және оның мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сыни сипаттағы жарияланымдар тіркелген жоқ.
Департаментте ерлі-зайыптылардың немесе бір-біріне жақын туыс болып табылатын адамдардың бірлесіп қызмет атқару фактілері анықталған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау іс-шараларын жүргізу барысында әдеп қағидаларын сақтамау немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беру фактілері тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы №156 бұйрығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізілді.
Департаменттің кезекті кеңесінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын орындауы, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Консультациялық көмек көрсету шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілді. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу және қызметтік әдеп нормаларының сақталу деңгейін бағалау мақсатында анонимді сауалнама ұйымдастырылды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы ақпарат Департаменттің ресми интернет-ресурсында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ Telegram чатында тұрақты түрде жарияланып отырады.