Мониторингтің мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. Қаппасов 2026 жылғы 8 мамыр күні Целиноград ауданының  білім беру ұйымдарына барып,  4 және 9-сынып білім алушылары арасында өткен Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісінің жүргізу жұмыстарына үйлестіру жұмыстарын жүргізді.

Мониторингтің мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау, білім беру сапасын бағалау және оқу процесінің тиімділігін арттыру. Іс-шара барысында мониторингтің өткізілу тәртібі мен талаптарының сақталуына назар аударылды.

Дата публикации
13 мая 2026