Педагог тек білім беруші
маман ғана емес, жас ұрпақтың
дүниетанымын қалыптастыратын, адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін, қоғамның
интеллектуалдық әлеуетін дамытатын тұлға.
Бүгінгі мұғалім заман талабына сай цифрлық технологияларды меңгеріп, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді
пайдалана отырып, әрбір білім
алушының қабілетін ашуға бағытталған кәсіби қызмет атқаруы тиіс.
Педагог мәртебесін арттыру – тек мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартумен
шектелмей, бұл білім беру сапасын арттырудың маңызды
тетігі. Мұғалімнің кәсіби беделі
мен қоғамдағы орны неғұрлым
жоғары болса, білім беру жүйесінің де нәтижелілігі арта түседі. Сондықтан педагогтың
үздіксіз кәсіби дамуына жағдай
жасау, оның құқықтарын қорғау және қолдау көрсету сапалы білім берудің басты шарттарының бірі.
Алматы қаласында білім
беру саласының сапасын қамтамасыз ету бағытында жүйелі
жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы білім беру ұйымдарының
қызметіне мониторинг жүргізу,
мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру, білім беру
сапасының көрсеткіштерін талдау және педагогтердің кәсіби
қызметін жетілдіруге бағытталған жұмыстар тұрақты ұйымдастырылуда. Сонымен қатар,
педагогтердің құқықтарын сақтау, педагогикалық әдеп нормаларының орындалуын қамт а м а с ы з е т у , б і л і м б е р у
ұйымдарында қолайлы және
қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері де ерекше назарда.
Бүгінде қоғам тарапынан
педагог мамандығына деген
құрмет пен сенімнің арта түскені білім беру жүйесінің сапалы дамуының маңызды көрсеткіші. Ұстаз еңбегін бағалау,
оның кәсіби өсуіне мүмкіндік
беру және әлеуметтік қолдау
көрсету келешек ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған
инвестиция.
Білім саласындағы кез келген оң өзгеріс ең алдымен педагогтен басталады. Сондықтан педагог мәртебесін арттыру
тек білім беру саласының ғана
емес, бүкіл қоғамның ортақ
міндеті.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының Іскер әйелдер кеңесі 15 қыркүйекте Алматы қаласындағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен мемлекеттік органдар және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ермекбаева Гульнар Өмірбековна және Департамент бөлімінің басшысы Усенов Бахтияр Сметович, сондай-ақ Алматы қаласының Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті және денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қойылатын мемлекеттік органдардың өзекті талаптарына ерекше назар аударылды.
Усенов Б.С. лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланып, қолданыстағы талаптар бойынша түсіндірмелер берілді және одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен жекеменшік сектор өкілдері арасында ашық диалог орнатуға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларын заңнамадағы алдағы өзгерістер туралы уақтылы ақпараттандыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ермекбаева Г.О. және бөлім басшысы Омарова Г.Т. №159 гимназиясында 2026–2027 оқу жылдары мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектеп басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібіндегі өзгерістер мен негізгі талаптар түсіндірілді. Сондай-ақ аттестаттауға дайындық кезеңдері, қажетті құжаттарды рәсімдеу, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және ұйым қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігі мәселелері талқыланды. Мектеп басшылары сұрақтарын қойып, мемлекеттік аттестаттауға қатысты нақты түсіндірмелер мен жауаптар алды. Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауға сапалы әрі жүйелі дайындалуына әдістемелік қолдау көрсету және жаңа талаптарды түсіндіру.
Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшылары Омарова Г.Т. , Усенов Б.С. және Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына арналған семинар-кеңес №222 және №146 мектептерінде өткізді. Семинарға мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілері, құрылтайшылары қатысты. Кездесу барысында *мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау*, білім беру ұйымдарын аттестаттау және педагогтерді аттестаттау мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар бойынша қолданыстағы талаптар түсіндіріліп, лицензиялау және аттестаттау рәсімдерін ұйымдастыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылды. Жұмыс кездесулерінің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды түсіндіру, лицензиялау және аттестаттау рәсімдерін сапалы әрі талаптарға сәйкес ұйымдастыруға әдістемелік қолдау көрсету. Іс-шара Алматы қаласы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету және бақылау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге бағытталды.
Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен елдегі балалардың білім беру-сауықтыру орталықтары үшін міндетті лицензиялау жүйесі енгізілді.
Негізгі талаптар қатарында медициналық көмек ұйымдастыру, қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету, арнайы бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ санитарлық нормалар мен тиісті инфрақұрылым талаптарын сақтау.
Бұл жаңашылдық меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарға қатысты.
Қазіргі таңда департамент тарапынан Алматы қаласындағы 4 білім беру-сауықтыру орталығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензия берілді. Оның ішінде 1 орталық жыл бойы, ал 3 орталық маусымдық режимде қызмет көрсетеді.
2026–2027 жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығына жүргізіліп жатқан мониторинг аясында Алматы қаласының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ермекбаева Г.Ө. Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан №60 гимназияға барды.
Жұмыс сапары барысында гимназияның жаңа ғимараты құрылысының барысы мен нысанның оқу процесін бастауға дайындығына мониторинг жүргізілді. Мектептің жобалық қуаттылығы 1100 оқушы орнын құрайды, оқыту аралас тілде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта мектеп аумағын абаттандыру және ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
🏗️ Алматы қаласындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептерге мониторинг жүргізілуде
Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру ұйымдарына тұрақты мониторинг жүргізуде. Мониторинг барысында жөндеу жұмыстарының орындалу барысы, бекітілген кестеге сәйкестігі, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы және анықталған мәселелердің уақытылы шешілуі зерделенуде. на рус Аталған мониторинг жаңа оқу жылы қарсаңында білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындап, алғаш рет білім алушылардың негізгі құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құқықтық деңгейінде бекітті.
Жаңа Ата Заң өскелең ұрпаққа қамқорлық жасауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындап, оны тікелей әрі мызғымас конституциялық кепілдіктермен бекітеді. Конституцияның Кіріспесінде адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновациялар елдің стратегиялық басым бағыттары ретінде белгіленген.
Сонымен қатар Конституцияның 33-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі.
Конституциядағы маңызды жаңашылдықтардың бірі білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған баптың 4-тармағына сәйкес мемлекет білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, олардың қызметіне қойылатын жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілейді. Бұл мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында оқитын барлық балалар үшін тұрғылықты жеріне немесе отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа конституциялық нормалардың өскелең ұрпаққа түсінікті әрі қолжетімді болуы мақсатында Оқу-ағарту министрлігі құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруда. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына жаңа міндетті пәндер енгізіледі. 5–7-сынып оқушылары «Конституция негіздері» пәнін оқиды, ал 8–11-сыныптар үшін «Заң мен тәртіп» курсы енгізіледі. Сонымен қатар «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңартылып, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Конституция әлеміне саяхат» атты иллюстрациялық оқу құралы әзірленді.
Жаңа мемлекеттік құндылықтарды тәжірибе жүзінде дәріптеу жұмыстары басталып кетті. Атап айтқанда 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Аталған ауқымды іс-шараға бір мезетте 3,9 миллионнан астам қазақстандық мектеп оқушысы қатысты.
Қабылданып жатқан шаралар балаларға құқықтық білім берумен ғана шектелмей, олардың заңға деген құрметін қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламалары «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа алатын, Әділетті Қазақстан құндылықтарын қолдайтын, ғылым мен білімнің елдің табысты болашағы үшін маңызын терең түсінетін заңға бағынатын, жауапты әрі отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеуге негіз болады.
Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде құқықтық жалпыға бірдей оқыту сағаты өткізілді.
Шара барысында Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамамен» таныстырды.
Талқылау барысында құқықтық сана мен «заң және тәртіп» мәдениетін қалыптастыру қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың маңызды негізі екендігі атап өтілді. Бұл бағытта білім беру жүйесіне ерекше рөл жүктелетіні, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнықтыру жұмыстары білім беру ұйымдарынан басталуы қажет екендігі айтылды.
Осыған байланысты Департамент қызметкерлеріне педагогикалық әдеп нормаларының сақталуын бақылауды күшейту, лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасында құқықтық ағарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бойынша міндеттер қойылды.
Ермекбаева Г.О. мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау барысында заңдылық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау маңызды екенін атап өтті.