Алматы қаласында 2024 жылдың 1 мамырына дейін бақылау іс-шараларымен 143 білім беру ұйымы қамтылды.
2024 жылдың жарты жылдығында 123 ұйымда (81 – мектепке дейінгі ұйымдар (43 мемлекеттік және 38 жекеменшік), 42 мектепте (42 мемлекеттік) мемлекеттік аттестаттау өткізілді, оның ішінде 23 жеке меншік мектепке дейінгі ұйым, 1 жеке меншік мектеп білім беру қызметінде стандартының талаптарын бұзушылықтар анықталып, мемлекеттік аттестаттаудан өткізілмеді. Аталған білім беру ұйымдарымен қолданыстағы білім саласындағы заңнамалар шеңберінде мемлекеттік аттестаттау барысында кемшіліктерді жою туралы жоспары жасалынып, кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді.
Департаментпен, Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалары шеңбірінде 18 мектепке (9 мемлекеттік, 9 жеке меншік) біліктілік талаптарының сәйкестігіне тексеру, 2 жеке меншік мектепке бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Аталған білім беру ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне біліктілік талаптары бойынша кемшіліктер анықталып, аталған білім беру ұйымдарына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 464 бабы 1 тармағы негізінде әкімшілік іс қозғалып, аталған білім беру ұйымдары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.
Департаментпен 2024 жылдың сәуір айында 168 мектептің (92 мемлекеттік 76 жеке меншік ) білім беру қызметіне сырттай бағалау (МОДО) шаралары жүргізілді.
Департаментпен "1000 мектеп" жобасы аясында 50 мектепте мониторинг жүзеге асырылды. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарында қауіпсіздік мәселесі, тамақпен қамтамасыз ету мәселесі т.б мәселелер қаралды. Жеке және заңды тұлғалардың 246 өтініші (оның ішінде: 198 өтініш,12 шағым, өзге жүгінімдер: 36 ) қаралды.
Шағымдардың жалпы мазмұны: білім саласындағы занмаларды сақтамау, жұмысқа орналастыру, мектепке орналасу т.б қамтылды. Аталған арыз-шағымдар, Департаментпен жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама шеңберіне өтініш иелеріне түсіндірме берілді.
2024 жылдары, Департамент қызметкерлері Прокуратура қызметкерлерімен бірге 78 орта білім беру мекемелерінің қызметіне зерделеу жүргізді, тексеру барысында төмендегідей кемшіліктер анықталды:
1.Педагог мамандардың уақтылы Білім туралы құжатта көрсетілген мамандыққа сәйкес атқаратын лауазымы және/немесе оқытылатын пәні бойынша білім беру ұйымдарының педагогтерінің біліктілігін арттыруды растайтын сертификаттардың болмауы: №142, № 117, №32, №111, №70, №155, №122, №170, №11, №162, № 31 жалпы білім беретін мектептер, №1 мектеп-гимназия, №5 мектеп-гимназия, №132 гимназия, №83 гимназия, Лицей№107 білім беру мекемелері және т.б.;
2.Тексеру барысында КММ «№88 жалпы білім беретін мектеп» арнайы жаңа модификациялы кабинетпен қамтамасыз етілмеген (химия, физика, биология кабинеттері), бұл 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарының орындалмауына апарады, аталған пәндерден лабораториялық және практикалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік жоқ;
3.Мектеп оқушылары жұмыс жасайтын компьютерлерге рұқсат етілмеген сайттарға кіруге тыйым салу, тиісті бағдарлама орнату т.б кемшіліктер анықталды.