🏢🗓🖋Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Алматы қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен "Zoom" платформасы арқылы онлайн кеңес өткізді.
📌📌📌Кеңеске Алматы қаласының 214 білім беру ұйымдарының басшылары, 8 аудандық білім бөлімінің басшылары қатысты.
📍🔎Кеңесте көтерілген басты мәселе - білім беру процесін ұйымдастыру процесінде резонанстық жағдайлардың алдын алу мәселелері қарастырылды.
🔴 📣📢Департамент басшысы Гүлнара Өмірбекқызы өз сөзінде білім беру ұйымдарының және білім бөлімдерінің басшыларына білім беру процесін ұйымдастыру процесіндегі резонанстық ахуалдың алдын алу жөніндегі жадынаманы таныстырып өтті.
🔊🔉🔊Атап айтар болсақ:
✅🥗🍲білім беру ұйымындағы ыстық тамақты ұйымдастыру;
✅🚌🚐оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
✅👩🏻💻🧑🏻🏫 педагогтер арасында сағаттардың бөлінуі (вариативті компонент, инвариантты компонент);
✅🏫🛠білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары;
✅🏫 мектептердегі гардероб жұмысын ұйымдастыру;
✅🏫🚻 ішкі дәретханалардың жұмыс істеуін қадағалау;
✅🏫🎦мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне;
✅🏫👩🏻💻педагогикалық әдептің сақталуы;
✅🏫🔥 жылу беру маусымына дайындық;
✅📌📌буллинг мәселелерін болдырмау;
✅🏫⛹🏼дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік;
✅👩🏻💻💵педагогтерге уақытылы жалақы төлеу мәселелерін басты назарда ұстау керектігін ескертті📌📌📌.
✅Сондай-ақ білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Маханбет Серікұлы жиын барысында сөз алып педагогтерді жұмысқа қабылдауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" №57 бұйрығын башылыққа алу керектігін ескертті.