
2026 жылғы 1 маусымда бөлім басшысы Омарова Г.Т. мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшыларымен Zoom платформасы арқылы онлайн-кеңес өткізді.
Кеңес барысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау тәртібіне енгізілген жаңа өзгерістер мен талаптар жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар беріліп, аттестаттау рәсіміне дайындыққа қатысты өзекті сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Осындай кездесулер білім беру ұйымдарын уақытылы ақпараттандыруға және мемлекеттік аттестаттауға сапалы дайындалуына ықпал етеді.