
21 қараша күні Алматы қаласының білім беру басқармасының кеңейтілген отырысы өтіп, білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Шараға қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов төрағалық етті.
Алматы қаласы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Ермекбаева баяндама жасап, жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелерін, мониторингтік жұмыстардың қорытындыларын, сонымен қатар департаментке азаматтар мен білім беру қызметкерлерінен келіп түскен өтініштердің мазмұны мен динамикасы туралы ақпарат берді.
Департамент жанындағы Консультативтік-кеңесші органның қызметіне ерекше назар аударылды. Оның аясында педагогикалық этика нормаларының бұзылуына қатысты мәселелер қарастырылды. Г. Ермекбаева аталған органның назарында педагогтарға қатысты орынсыз әрекеттер алғанын, сонымен қатар педагогтердің тарапынан жіберілетін бұзушылықтардың бар екенін атап өтті.