
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні Алматы қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, жекеменшік мектеп басшыларымен кеңейтілген отырыс өткізді. Отырысқа Республикалық жеке білім беру ұйымдарының қауымдастығының басшысы Садыкова Р.Ш., Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы С. Сайфеденов, Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің бөлім прокуроры Бірлік Диас Сатышұлы және ювеналды полиция қызметкері қатысты. Департамент басшысы Г. Ермекбаева жекеменшік мектептерде мемлекеттік стандартты іске асыру және білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша айтып өтті. Ол өз сөзінде жекеменшік білім беру ұйымдарында мемлекеттік стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету, оқу бағдарламаларының мазмұны, педагогтердің біліктілік деңгейі, оқу-тәрбие процесінің сапасы, сондай-ақ мекемедегі қауіпсіздік шараларының сақталуы қатаң бақылауда тұрғанын атап өтті. переведи на русс Жеке білім беру ұйымдары қауымдастығының басшысы Садыкова Р.Ш өз сөзінде әрбір мекеменің басты мақсаты – балалардың сапалы білім алып, саналы тәрбие алуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол білім беру процесінің тиімді ұйымдастырылуы, педагог кадрлардың кәсіби дамуы және оқу ортасының қауіпсіздігі – осы мақсатқа жетудің негізгі алғышарттары екенін ерекше белгіледі.