Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдамалық анықтама

2023 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдамалық анықтама

 

2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі-Департамент) басшысының 2023 жылғы 28 наурыздағы №147 бұйрығымен 2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес Департаментте мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;
  2. ҚР Заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты талдау.
  3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау.
  4. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау.
  5. жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:

- Департаменттің қызметін қызметтің көрсетілген бағыттары бойынша реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау: "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңы, "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, "білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру "Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығымен бекітілген" Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) негізінде жүзеге асырылады.

"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау 2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер негізінде жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 01 қаңтардан 30 наурызға дейін көрсетілген мемлекеттік қызметтер – барлығы: 40, оның ішінде қайта ресімделді – 8, лицензия берілді-3, қосымша берілді– 25, бас тартылды-4.

Барлық қаралған 40 өтінімнің ішінен,

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

– лицензиялар берілді-0.

– лицензияға қосымшалар берілді-15

- қайта ресімделді-6.

- бас тартылды-1.

 

Жалпы білім беретін мектептер:

- 3 лицензиялар берілді

– 10 лицензияға қосымшалар берілді

- 2 қайта ресімделді.

- 3 бас тартылды

Лицензия беруден және лицензияға қосымшадан бас тартудың негізгі себебі өтініш берушінің құжаттардың толық емес топта"Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №209 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Департаментке 2023 жылғы 01 қаңтардан 30 наурызға дейін 779 өтініш, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы 779 өтініш, Электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы 0 өтініш берілді.

Апостиль қойылған – Білім туралы 681 құжат.

Көрсетілетін қызметті беруші бас тартты-4, оның ішінде: 4 - расталмаған құжаттар.

Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталмаған және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті алушылардан шағымдары түскен жоқ.

II.ҚР Заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі - бұйрық), сондай-ақ ҚР БҒМ2022 жылғы 3 тамыз "Білім берудің тиісті деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" №348 бұйрығы  негізінде қатысусыз нысанда өткізіледі.

Бұйрыққа сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаужоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізіледі.Мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін уәкілетті орган жыл сайын 10 қарашаға дейін аттестаттау мерзімдерін көрсете отырып бекітеді және сайтта орналастырылады.

Білім беру ұйымының бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей әрбір зерттеу объектісі бойынша Өзін-өзі бағалаудың мынадай материалдарын ұсынады.

- жалпы сипаттамасы;

- кадр құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын сақтау;

- білім алушылар контингенті;

- оқу-әдістемелік жұмыс және педагогикалық жүктеме;

- оқу-тәрбие жұмысы;

- оқу-материалдық активтер;

- оқу және ғылыми зертханалар;

- ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры;

- білім алушылардың білімін бағалау;

- ғылыми-зерттеу жұмысы немесе ғылыми қызмет;

- кәсіби тәжірибе.

 

Мемлекеттік аттестаттау келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

1) мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін күнтізбелік жылға бекіту;

2) тиісті уәкілетті органның білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау (білім беру сапасын ішкі бағалау) материалдарын талдауды жүзеге асыруы, аттестаттау комиссиясын қалыптастыру, мемлекеттік аттестаттау қорытындылары туралы қорытынды жасау;

3) білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкестілігі туралы шешім қабылдау.

 

Тәуекел:

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

ІІІ.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау.

2023 жылғы 3 қаңтар мен 30 наурыз аралығында 129 өтініш түсті (өтініштер - 81, шағымдар - 28, басқалары-20). Барлығы - 55 өтініш қаралды, оның ішінде қанағаттандырылды - 42, түсіндірілді - 4, қайта бағытталды – 65, тоқтатылды-17, назарға алынды-1.

Негізінен жеке тұлғалардың өтініштері "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтамау фактілерін қозғайды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтамау, балаларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру бойынша, білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағы жанжалдар туралы, балаға қысым жасау жөнінде, балалардың тұрғылықты жерін анықтау жөнінде, ТЖБ және ТЖБ бақылау жұмыстарын жүргізу бойынша, жеке мектептерде оқу ақысын төлеу бойынша, сессияны өткізу кезеңіндегі студенттердің проблемалары туралы сұрақтар және басқалар.

Білім беру саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес өтініш берушілерге жазбаша түсініктемелер беріліп, өтініш берушілердің заңды өтініштері қанағаттандырылды. Бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Адам персоналын басқару

2023 жылы Департаменттің штаттық саны 8 бірлікті құрайды, нақты саны 7 қызметкер, 1 бос жұмыс орны.

 Бос орын 2022 жылдың 4 тоқсанында құрылды, лицензиялау бөлімінің басшысы өз еркімен жұмыстан шықты, шығу сұхбаты бар. Бос орынға конкурс жарияланды, конкурс өткізілмеді, өйткені қатысушылар болмады. Қазіргі уақытта бос орынға конкурс өткізу үшін қайта құжаттар дайындалуда.

 

Бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы Департаменттің қызметінде үш бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген қорытындыға келді.

 

 

 

Дата публикации
17 апреля 2023
Дата обновления
17 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 ноября 2025
2025 жылдың қараша айынан бастап департамент мамандары сарапшылармен бірлесіп білім беру ұйымдарының қызметін оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді бастады. 🎯 Тексерулердің мақсаты — білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру және олардың қызметін белгіленген мемлекеттік стандарттарға сәйкестендіру.
Ақпарат
14 февраля 2024
2024 ЖЫЛЫ 3000 ЖАҢА МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ ДАЯРЛАНАДЫ
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы