GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Департамент туралы
Все материалы
17 сентября 2026
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралары туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша қызметкерлермен түсіндіру және профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Осыған байланысты Департамент қызметкерлері үшін құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының Заречный кентінің қылмыстық атқару жүйесі мекемесіне бару ұйымдастырылды.

Бару барысында қызметкерлер мекеменің ішкі тәртібі мен режимінің талаптарымен танысты.

10 июля 2026
Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау іс-шараларын өткізуге үлес қосқан сарапшыларға алғыс хат табысталды

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде департамент басшысы Гульмира Алимбаевна Кульсариева білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау іс-шараларын өткізуге үлес қосқан сарапшыларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы С.Әшiровтың алғыс хатын табыстады.

Алғыс хат сараптамалық бағалау материалдарын бағалауға белсенді қатысқаны, әділдігі, кәсіби көзқарасы, жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындағаны және жоғары кәсібилігі, біліктілігі мен сараптамалық жұмыстарды сапалы орындағаны үшін берiлдi.

10 июля 2026
Алматы облысының бiлiм саласында сапаны қамтамасыз ету департаментi мемлекеттік мектептердің 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуде

Алматы облысының бiлiм саласында сапаны қамтамасыз ету департаментi мемлекеттік мектептердің 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуде.
Мониторинг аясында мамандар білім беру ұйымдарының қазіргі жай-күйін, мектептердің жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысын, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралардың орындалуы бағаланды.
Атап айтқанда, ғимараттарға жүргізіліп жатқан күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, бекітілген жұмыс кестелерінің сақталуына назар аударылды.
Сонымен қатар, оқу кабинеттерінің, спорт және акт залдарының, асханалардың, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың дайындығы, сондай-ақ мектеп аумақтарының абаттандырылуы тексерілді.

18 июня 2026
2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 17 маусымында Департамент мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы бойынша семинар өткізілді.

Аталған құжат қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтаудың маңыздылығын терең түсінуін арттыруға бағытталған.

Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жай-күйіне жүргізілген талдау негізінде заң және тәртіп идеологиясын ілгерілетудің негізгі тәсілдерін айқындайды.

Кешенді шараларды іске асыру нәтижесінде қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау саласында оң өзгерістер қалыптасып, заңдарға үстірт қарау жауапты әрі саналы көзқараспен алмастырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, жүзеге асырылатын шаралар халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді деп болжануда.

Жалпы алғанда, мұның барлығы құқық бұзушылықтар санының азаюына, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына, сондай-ақ еліміздің инвестициялық ахуалы мен экономикалық тартымдылығының жақсаруына алып келуі тиіс.

02 июня 2026
Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жол-көлік оқиғалары салдарынан балалардың қаза болуы мен жарақат алу жағдайларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.

Жаз мезгілінде балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Олар көшеде, аулада, спорт және ойын алаңдарында болады, велосипед, самокат тебеді, демалыс орындарына барады, саяхаттайды.
Сондықтан дәл осы кезеңде балалардың қауіпсіздігі ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Осыған байланысты Ұлттық комиссия ата-аналарды, жүргізушілерді және барша азаматтарды алдағы жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңызбен жолда, аулада, су айдындары маңында және табиғат аясында өзін қауіпсіз ұстау қағидалары туралы сөйлесіңіздер. Бұл ережелерді үнемі естеріне салып отырыңыздар.

Балаларға жолда аса мұқият болу қажеттігін түсіндіріңіздер. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен және қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өту қажет. Ал өткелден өтпес бұрын міндетті түрде велосипедтен немесе самокаттан түсу керек.
Велосипед, самокат немесе ролик тепкен кезде балалардың қорғаныш құралдарын пайдалануын қамтамасыз етіңіздер.

Үйдегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударыңыздар. Терезелерді қорғаныш құрылғыларынсыз ашық қалдырмаңыздар, баланың құлап кетуіне әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеңіздер, сондай-ақ қауіпті заттар мен химиялық заттардың қауіпсіз орындарда сақталуын қамтамасыз етіңіздер.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олардың қай жерде жүргенін бақылауда ұстағандарыңыз абзал. Әсіресе, кешкі уақытта балалардың ересектердің қарауынсыз сыртта жүруіне жол бермеңіздер.

Осы қарапайым ережелер баланың ең қымбат байлығы - өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Құрметті жүргізушілер!
Көпшілігіңіз – ата-анасыздар, аға-әпкесіздер. Көлік тізгініне әр отырған сайын осыны есте сақтаңыздар.

Жолда, әсіресе тұрғын үйлердің маңында, аулаларда, саябақтар мен балалар алаңдарының жанында аса мұқият болыңыздар.

Жылдамдық режимін сақтаңыздар, жаяу жүргіншілер өткелі мен аулаға жақындағанда жылдамдықты төмендетіңіздер.
Көлік жүргізу кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланудан бас тартыңыздар.

Бала көлікті байқамай қалуы мүмкін. Ал жүргізуші баланы міндетті түрде байқауға тиіс. Балалардың өмірі Сіздің бір сәт назар аударуыңызға байланысты болуы мүмкін.

Құрметті қазақстандықтар!

Балалардың өмірі мен денсаулығы - отбасының, қоғамның және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі.
Ешқандай алдын алу шаралары ересектердің қырағылығы, жеке өнегесі мен балаларға деген жанашырлығын алмастыра алмайды.
Балаларымыздың жазғы демалысы қауіпсіз өтуі үшін баршамыз бірлесіп күш салайық.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
#ҰлттықКомиссия
#UlttyqKomissiya
#НацКомиссия

02 июня 2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары

Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бiлiм сапасын сырттай бағалау бөлiмiнiң басшысы Айтбаев Д.Д ағымдағы жылдың маусым айында аттестациядан өтетiн балабақшаларға ЗУМ платформасы арқылы онлайн жиналыс өткiздi. Педагогтерге жаңа талаптар мен аттестациялау тәртібіндегі жаңартулар түсіндіріліп, әдістемелік қолдау көрсетілді

30 апреля 2026
«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерлету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбындағы конференция

2026 жылдың 30 сәуірінде Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерлету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өткізді.
Аталған іс- шараға Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері, білім беру мекемелерінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағалары (төрайымдары) және мектеп басшылары қатысты
Конференцияның мақсаты: білім беру жүйесінде заң үстемдігі қағидатын сақтау, білім беру ұйымдарының қызметін заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтардың құқықтары мен міндеттерін нақты айқындау мәселелерін талқылау.
Күн тәртібіне екі мәселе шығарылды:
1.​Қабылданған жаңа Конституция аясында педагог мәртебесі мен оның құқықтық қорғалуы
2.​Білім беру мекемелеріне жүргізілетін мемлекеттік аттестаттаудың жаңа ережелері.
Конференцияға 100 директор және білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің 100 төрағасы қатысты. Іс-шара барысында орта білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің қызметін ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының сақталуы мәселелері талқыланды.

29 апреля 2026
«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерлету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы әдеп жөніндегі кеңес

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер!
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру жүйесінде заң үстемдігі қағидатын сақтау, білім беру ұйымдарының қызметін заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтардың құқықтары мен міндеттерін нақты айқындау мәселелерін талқылау мақсатында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерлету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері, білім беру мекемелерінің әдеп жөніндегі кеңес төрағалары (төрайымдары) және мектеп басшыларымен конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Конференция 2026 жылдың 30 суірінде өтеді.
Өтетін мекен-жайы: Қонаев қаласы, Орта мектеп- гимназия базасы (Қонаев қаласы, 4 ықшам аудан 62/2 ғимараты)

Басталу уақыты: 11:00
Баршаңызды аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!
Ақпараттық қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Ұйымдастырушы:
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
8701 498 75 35
Осы конференцияға ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз!

06 апреля 2026
«Таза Қазақстан» акциясы

Туған жеріміздің тазалығы – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. «Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған маңызды бастама.
Бірге әрекет етсек, елімізді таза, көрікті, әрі жайлы мекенге айналдырамыз!
Болашақ ұрпаққа таза Қазақстан қалдыру – біздің міндетіміз!

#ТазаҚазақстан

08 января 2026
Департамент басшысының азаматтарды қабылдауы әр айдың соңғы жұма күні сағат 14:30-дан 16:30-ға дейін өткізіледі
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы