
2025 жылдың 13 наурызда Алматы облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде брифинг өтіп, онда 2024 жылға арналған Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметі туралы толық есеп берілді.
Департамент басшысы 2025 жылы жұмыстың бағытталатын негізгі мәселелерін атап өтті.
2024 жылы Департамент 329 бақылау шарасын өткізді, оның ішінде 299 мемлекеттік аттестация, 26 біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және 4 профилактикалық бақылау. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында әртүрлі бағыттар бойынша тақырыптық мониторингтер жүргізілді. Бұл шаралар облыстың білім беру жүйесінің әлсіз тұстарын анықтап, білім саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.
Лицензиялау, құжаттарды апостильдеу және азаматтардың өтініштерін қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2024 жылы Департамент 12 лицензия мен 11 лицензия қосымшасын беріп, 129 білім беру құжатын апостильдеді.
Департамент басшысы профилактикалық шаралар мен білім сапасына бақылаудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, 2025 жылы бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік бақылауды және тақырыптық мониторингтерді жалғастыру жоспарланғанын айтты.
Сонымен қатар, Департамент басшысы 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Ол облыс мектептері мен колледж оқушыларының PISA халықаралық зерттеулеріне және оқушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге (МОДО) қатысуы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және лицензиялау нормаларының сақталуына бақылауды күшейту.