
2025 жылғы 19 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ОМ педагогтарын түнгі рейдтерге тарту фактісі бойынша Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 409-бабы 7-3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес әкімшілік іс қозғады.
Осылайша, Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ОМ директорына қатысты «ескерту» түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, Департамент білім бөлімдерінің басшыларына мектеп педагогтарын кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу туралы нұсқау берді.