Алматы облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктеуден, оқытудан өткен облыстың резервшілермен кездесті

Алматы облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктеуден, оқытудан өткен облыстың резервшілермен кездесті

2025 жылғы 19 ақпан күні Талғар қаласында Алматы облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктеуден, оқытудан өткен облыстың резервшілермен кездесті.

Кездесу барысында резервшілер Департаменттің негізгі функцияларымен және міндеттерімен танысып, жұмысқа орналасу мәселелерін, олар кездескен қиындықтарды талқылады, сондай-ақ өңір білімінің даму перспективалары туралы пікір алмасты.

Ақпарат үшін: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісінде білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеп, бекітті.

Оқудан, тағылымдамадан және әңгімелесуден өткен үміткерлерге сертификат беріледі, соның негізінде одан әрі жұмысқа орналасу үшін олар кадр резервіне енгізіледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта жұмысқа орналастыру үшін резервшілер мектеп директорлары мен директор орынбасарларының бос лауазымдарына конкурссыз тағайындалады.