
2025 жылғы 13 ақпанда Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. Жиренбай азаматтарды қабылдап, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Негізгі өтініштердің бірі – Қарасай ауданындағы Кемертоған орта мектебі директорының осы білім беру ұйымының мемлекеттік аттестациясын өткізу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініші болды. Бұл өтініштің себебі оқу процесінің ұйымдастырылуындағы маңызды кемшіліктердің орын алуы мен педагогикалық құрам біліктілігінің төмендігі.
Өтінішке жауап ретінде Департамент басшысы мемлекеттік аттестацияны өткізу тәртібін, білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын реттейтін заңнамалық актілердің негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол аттестация мерзімдерін кейінге қалдыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүмкін еместігін атап өтіп, бұл мәселе қабылдау кезінде толық түсіндірілді.