Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Б.К. Кужабековпен кездесу

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Б.К. Кужабековпен кездесу

2025 жылғы 14 ақпанда ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Б.К. Кужабековпен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыптары:
1. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу және «E-otinish» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізудің қағидаларын түсіндіру;
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану тәжірибесі мен азаматтардың өтініштерін қарау кезіндегі негізгі мәселелерiн талқылау.

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментi қызметкерлері осы тақырыптар төңірегінде сұрақтарына жауап алды.

#Закон_и_Порядок Болат Қайратұлы Кужабеков