Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

2025 жылғы 12 ақпанда Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. 

Күн тәртібінде Алматы облысы, Үйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы № 1 мектеп-лицейінің директор орынбасарының бастауыш сынып мұғаліміне қатысты педагогикалық әдеп нормаларын бұзуы жөніндегі жағдай қаралды.

Кеңес мүшелері барлық мән-жайларды талқылап, педагогтердің пікірлерін тыңдады және жағдайды мұқият зерттеп, Үйғыр ауданының білім бөліміне бірқатар ұсыныстар жасады.

Манызды ұсыныстар – бастауыш сыныптарда мектепішілік бақылауды күшейту, педагогикалық әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, Педагогикалық әдеп қағидаларының талаптарын түсіндіру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсендету және педагогикалық құрам арасында моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар қабылдау.