
2025 жылғы 31 қаңтар Алматы облысы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ашылған мектептердің директорларымен кездесу өтті. Іс-шараны Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырды.
Кездесу офлайн форматта өтіп, мектептердің лицензия немесе лицензияға қосымша алуына қойылатын негізгі біліктілік талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, қажетті құжаттардың толық тізімі ұсынылды.
Ақпарат үшін: білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген.
Кездесу қорытындысы бойынша мектеп басшыларының барлық сұрақтарына жауап берілді.