«Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруға әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды

«Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруға әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды

2025 жылдың 17 қаңтарында Облыстық әдiстемелiк орталығымен бiрлесiп, «Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруға әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.

Вебинар барысында 2025 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттiк аттестаттаудан өтетiн мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының басшыларына ЗУМ платформасы арқылы түсiндiрме жұмысы жүргiзiлдi.

Департамент тарапынан мемлекеттік аттестаттау барысында өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру бойынша баяндалды.

Сонымен қатар, Облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, Қарасай ауданының «Брусничка», Талғар ауданының №7 «Айгөлек», Қонаев қаласының «Ақдидар»балабақшаларының әдіскерлерi iс-тәжiрибелерімен бөлiстi.