Білім беру ұйымдарының басшыларына Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді орындау жөнінде түсініктемелер берілді

Білім беру ұйымдарының басшыларына Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді орындау жөнінде түсініктемелер берілді

2025 жылдың 17 қаңтарында Zoom платформасында білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан жиын ұйымдастырылды. Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Б. Шыңғысхан қатысушыларды 2022 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің № 473 бұйрығымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру кестесімен таныстырды.
Жиын барысында тексеру ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді орындау жөнінде түсініктемелер берілді. Сондай-ақ тексеру жүргізу процесіне қатысты кейбір мәліметтер нақтыланды. Қатысушыларға тексеруге дайындық және оны ұйымдастыру кезінде қандай мәселелерге ерекше назар аудару керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, жиын барысында тексеру барысында туындауы мүмкін қиындықтар талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Жиынға қатысушылар талаптарды уақытында орындаудың маңыздылығын атап өтіп, әрбір басшының қажетті құжаттаманы дайындау және ұсыну жөніндегі жауапкершілігін атап өтті.
Тексеру кестесі Департаменттің ресми сайттына жарияланды.