
2024 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы облысында Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті мен Білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған вебинар өтті. Шара 2025 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік аттестациядан өтетін балабақша мен мектептердің басшыларына арналды.
Вебинар жүргізушісі — Департаменттің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Рахым Асылбек, ол мемлекеттік аттестацияның негізгі талаптары мен процесін жан-жақты түсіндіріп өтті. Вебинар барысында назар аударылған басты мәселелер:
• білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігі;
• жалпы бақылау шаралары барысында анықталған негізгі мәселелер;
• 2024 жылғы мемлекеттік аттестация кезінде білім беру ұйымдарында анықталған бұзушылықтар, соның ішінде: біліктілік талаптарына сәйкессіздік, мектепке дейінгі білім беру мазмұнындағы қателіктер және оқушылардың оқу жүктемесінің артықтығы.
Шараның жалғасы 2025 жылы жоспарланып отыр, бұл білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестацияға дайындықта қолдау көрсету және өңірде білім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылмақ.