
2024 жылдың 20 желтоқсанында жаңа Мемлекеттік білім беру стандарттарының жобасының негізгі аспектілері түсіндірілген кездесу өтті.
Іс-шараға мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, Білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскерлері мен білім беру органдарының мамандары қатысты.
Іс-шараны Алматы облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырды, оған Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Алматы облысындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы қолдау көрсетті.
Негізгі баяндаманы Ы. Алтынсарин атындағы Орта білім мазмұны институтының директоры С. Смаилов жасады.
Маңызды бір жайт, 2022 жылы Академия білім беру мазмұнын жетілдіру бойынша жұмысты бастады.
Екі жыл бойы Академия қызметкерлері, педагогтер, әдіскерлер, ғалымдар мен сарапшылар бірлесіп білім беру стандартын жаңарту бойынша концептуалдық негіздер әзірледі.
Осы жұмыстың нәтижесінде бастауыш және негізгі орта білім беру стандарттарының жобасы әзірленді, ол 2016 жылғы Мемлекеттік стандарттың логикалық жалғасы болып табылады.
Жаңа редакцияда ағымдағы стандарттың методологиялық, құрылымдық және мазмұндық негіздері сақталып, білім беру мазмұнын оңтайландыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіруге, сондай-ақ білім сапасын арттыруға бағытталған.
Әрбір стандарттың талабы оқушылардың жан-жақты дамуына және оларды болашақтағы ғаламдық сын-қатерлерге даярлауға бағытталған.
Кездесу қатысушыларына сұрақтар қою, жауаптар алу және өз пікірлерімен бөлісу мүмкіндігі берілді.