Құрметті ұстаздар, оқушылар және барша білім саласының қызметкерлері! Сіздерді ең қастерлі мерекелеріміздің бірі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және барша білім саласының қызметкерлері!  Сіздерді ең қастерлі мерекелеріміздің бірі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және барша білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді ең қастерлі мерекелеріміздің бірі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – халқымыздың асқақ арманы мен мызғымас ерік-жігерінің жемісі. Білім – осы тәуелсіздікті нығайтып, ел болашағын жарқын ету жолындағы ең басты қаруымыз.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз арқылы елімізді білім мен ғылымның биік шыңына жетелейміз. Білімді, саналы ұрпақ – Тәуелсіз Қазақстанның мызғымас тірегі. Әрбір оқушының жетістігі – біздің ортақ жеңісіміз.

Осы ұлы мереке күні сіздерге денсаулық, табыс, баянды бақыт және қажымас қайрат тілеймін! Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Тәуелсіздіктің әр таңы біліммен, жаңа жетістіктермен, биік мақсаттармен атсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. Жиренбай