Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің сәйкестігіне мониторинг жүргізді

Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің сәйкестігіне мониторинг жүргізді

Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің сәйкестігіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижесінде, деректер қорында сәйкесссіздік анықталған 8 мектептің басшыларының әрқайысына 45 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңының 45-бабының 3-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, білім беру ұйымының басшылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді анық және (немесе) уақтылы ұсынбағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Ескеретін жағдай, мониторинг жұмыстары 2025 жылы жалғасын табады, бұл білім беру ұйымдарының заңнама талаптарын толықтай сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі бақылаудың бір бөлігі болып табылады.