Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2024 жылы атқарылған жұмыстың аралық қорытындысын облыс басшылығына ұсынды

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2024 жылы атқарылған жұмыстың аралық қорытындысын облыс басшылығына ұсынды

2024 жылдың 10 желтоқсанында, Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.С. Жиренбай Департаменттің 2024 жылғы жұмысының аралық қорытындылары туралы баяндама жасады.

Өз баяндамасында Е.Жиренбай бақылау іс-шараларының нәтижелерін атап өтті: мемлекеттік аттестаттау, мектептердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, білім басқармалары мен бөлімдерін тексеру, мектептердің лицензиясыз қызмет ету жағдайлары мен лицензиялық нормалардың сақталмауы, тақырыптық мониторингтер, 2024 жылы өткізілген оқушылардың білім жетістіктерін мониторингі (БЖМ), сондай-ақ 2023 жылы аяқталған PISA халықаралық зерттеуі.

Сонымен қатар, Е.Жиренбай орта білім беру жүйесінің проблемаларын, атап айтқанда, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қолдаудың әлсізденуі, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі, мектеп басшыларының тапшылығы және педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін атап өтті.

Баяндаманың қорытындысы бойынша Департамент басшысы аталған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар шараларды ұсынды:

• Білім басқармасының әдістемелік орталығын трансформациялау;
• ҚР Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында дайындалған бірінші басшы резервистері қатарынан мектеп директорларын тағайындау процесін жеделдету;
• кадр тапшылығы бар мектептерде мұғалімдерді қолдау және бейімдеу жүйесін енгізу;
• бірінші басшылардың орынбасарлары қатарынан кадрлық резерв қалыптастыру жұмысын жандандыру;
• мектептердің материалдық-техникалық базасының жай-күйін сапалы бағалауды жүргізу;
• сыртқы серіктестермен өзара әрекеттестікті жетілдіру, білім беру саласына демеушілер мен меценаттарды тарту және басқа да шаралар.