
2024 жылғы 5 желтоқсанда Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету, медициналық және фармацевтикалық бақылау, экология департаменті қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері агенттіктерінің аумақтық бөлімшесі өкілдерімен маңызды кездесу өтті.
Кездесуді Алматы облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырды.
🔍 Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері агенттіктерінің өкілдері мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің негізгі қағидаларын, қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатысты шектеулерді, жұмыс уақытын және еңбек тәртібін сақтауды, сондай-ақ қызметтік көлік пен материалдық құндылықтарды пайдалану тәртібін түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес принциптеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған бейнеролик көрсетті.
Кездесу мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қолдау мәселелері, соның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы пікір алмасу үшін маңызды алаңға айналды.