
2024 жылғы 3 желтоқсанында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Б.К. Кужабековпен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
1. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу және «E-otinish» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізудің қағидаларын түсіндіру;
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану тәжірибесі мен азаматтардың өтініштерін қарау кезіндегі негізгі мәселелерiн талқылау.
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментi қызметкерлеріне осы тақырыптар төңірегінде сұрақтарына жауап алды.