АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Департамент басшысы Е. Жиренбай Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі өкілдерін қабылдады.

Азаматтарды қабылдау барысында Департамент басшысы Е. Жиренбай білім беру ұйымын лицензиялау саласында қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндірді.

Қорытындысы бойынша Департаменттің лицензиялау бөлімінің басшысы Б. Шыңғысханға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын кеңінен колледж өкілдеріне түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу тапсырылды.