
2024 жылғы 12 қарашада Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. Жиренбай Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Н. Әбдрахымның төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу құралы ретінде қосымша білім беру жүйесін дамыту және балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
- Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизмнің алдын алу;
- Электрондық ресурстар арқылы ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттесу, кеңес беру және оларды оқыту.
Е. Жиренбайдың ұсыныстары:
1. Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында шалғай аудандары үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмі арқылы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын құру.
2. Жоғары педагогикалық назар аударуды және оларға уақтылы әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді талап ететін білім алушыларды ерте анықтау үшін орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу бойынша жұмысты жандандыру.
3. Отбасы цифрлық картасы мәліметтері негізінде «тәуекел тобына» жататын отбасылармен жұмысты белсендіру.
Ұсыныстар комиссия төрағасы тарапынан қолдау тауып, отырыс хаттамасына енгізілді.