📚 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Алматы облысының мектеп директорларымен кездесті

📚 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Алматы облысының мектеп директорларымен кездесті

2024 жылдың 21 қазанында Талғар қ. Мәдениет үйінде Алматы облысының мектеп директорлары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесуді модератор ретінде Ержан Сапарұлы Жиренбай, Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, жүргізді. https://www.instagram.com/reel/DBZIXe3sui7/?igsh=MXNzOXNsdzZ4b3pq

Білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға негізгі спикерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Петрович Қарамбаев, сондай-ақ «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ басқарма төрағасы Айдана Сенбекқызы Шилибекова қатысты🏫.

Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар: Алматы облысындағы білім саласындағы өзекті мәселелер 📈, мақсатты мектептерді дамытуға арналған кешенді әдістері 🎯, «943 мақсатты мектеп» жобасы аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселелері 📖.

Кездесу «сұрақ-жауап» сессиясымен және аймақтың мақсатты мектептерінің жұмысымен танысумен аяқталды 👥.