
2024 жылғы 18 қазанда Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. 📚
Негізгі тақырып ауыл оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі барысында 8 педагогтың Академиялық адалдық қағидаттарын бұзуы болды. 🚸
Кеңес мүшелері кеңес хатшысы, Департаменттің бас маманы Ж. Нұрғалымов пен “Жас дарын” орталығының директоры Д. Оңбырбаеваның баяндамаларын тыңдады. 📊
Отырыс қорытындысы бойынша Білім басқармасы мен Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар және Ұйғыр ауданының бөлімдеріне осы принциптерді бұзған мұғалімдерге тәртіптік шаралар қолдануды ұсыну туралы шешім қабылданды. 🏫